
Екі елдің Астрахан облысымен ынтымақтастығының таяудағы жоспарларын талқылау шеңберінде Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Ардақ Мәдиевтің Иран Ислам Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Мехди Акучекианимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қазақстандық және ирандық өкілдердің Астрахандағы Каспий медиафорумы-2023 халықаралық іс-шарасына қатысуы талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бойынша Тараптар арасында пікір алмасу болды.