
2023 жылғы 6-11 тамыз кезеңінде Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту аясында Бас консулдықтың ұйымдастыруымен «Қазпромтехника» ЖШС басшылығының Ресей Федерациясының Астрахан облысына жұмыс сапары болды.
Қазақстандық іскер топ өкілдері РФ Астрахан облысының Ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрі Руслан Пашаевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тәжірибе алмасу аясында «Астрахан АӨК» ЖШҚ қызанақ өсіру және томат пастасын өндіру зауытына және Астрахан облысы Володар ауданы Козлово ауылындағы ірі балық аулау шаруашылығына таныстыру турлары ұйымдастырылды.