
2023 жылғы 11 тамызда ҚР Астрахандағы Бас консулы А. Мәдиев Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрі В.В. Головковпен бірге генерал-адмирал Ф.М. Апраксин атындағы Каспий теңіз және өзен көлігі институтында болды.
Кездесу барысында институт директоры О.И. Карташова білім ордасының қызметімен және су көлігі үшін мамандар даярлау жөніндегі мүмкіндіктермен, қосымша кәсіптік білім беру, Каспий институты базасында жүзеге асырылатын кемелер экипажы мүшелерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы жұмыстармен кеңінен таныстырды.
Кездесуге қатысушылар өзара тығыз ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қазақстандық студенттерді Каспий теңіз және өзен көлігі институтына оқуға тартуға, Қазақстанның жоғары деңгейдегі су көлігінің қызметтері үшін кәсіби кадрлар қажет екендігін ескере отырып, көмек көрсетуге әзірлігін атап өтті.
Аталған институтта Қазақстанға арналған көрнекті атрибутикалық заттармен жабдықталған және жарақтандырылған жеке кабинеті бар.
Астрахан институты Каспий маңы өңіріндегі Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан елдерінің білім беру және ғылыми ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттері университеттерінің халықаралық қауымдастығына кіреді және халықаралық шетелдік студенттер қауымдастығының мүшесі болып табылады.