Қазақстандық жаяу саяхатшы Астраханға келді

Қазақстандық жаяу саяхатшы Астраханға келді

2023 жылғы 9 тамызда Жезқазған облысының тұрғыны,  73 жастағы Сәрсенбай Қотырашов Атыраудан жаяу жүріп, Астраханға сәтті жетті.

ҚР Астрахандағы Бас консулдығы мен "Астрахан облысының қазақтары"   қоғамдық ұйымының өкілдері саяхатшыны Қазақстан-Ресей шекарасында күтіп алып, қалада қарсы алды. Келесі күні  таңертең ақсақал С. Қотырашов Астрахан – Кизляр – Грозный – Владикавказ – Тбилиси – Батуми – Ризе – Трабзон – Самсун – Мерзуфон – Чорум – Анкара бағыттары бойынша сапарға жол жүріп кетті. 
С. Қотырашевтің бұл сапарының мақсаты - бүкіл әлем бойынша 1,5 жылдық жаяу жүруден Гиннестік әлемдік рекордтар кітабына ену болып отыр. 
Бұл ретте С. Қотырашев өзінің жаяу жүру сапары барысында  фотограф Д. Руниспен және видеоблогер в. Асташовпен бірге бүкіл маршрут бойынша "Көшпенділердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі" тақырыбында фотокөрме өткізуді жоспарлауда.
Ақсақалдың айтуынша, оның сапарының мақсаттарының бірі – Қазақстан Республикасының тарихи-географиялық орталығы - Ұлытау туралы және  "Қымызмұрындық" ежелгі ұлттық дәстүрлі мерекені жаңғыртуды кеңінен насихаттау .