ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Халықаралық Шолохов комитетінің төрағасы А.Черномырдинмен кездесті

ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Халықаралық Шолохов комитетінің төрағасы А.Черномырдинмен кездесті

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Халықаралық Шолохов комитетінің төрағасы Андрей Черномырдинмен кездесті.

Д.Абаев Қазақстан кітапханаларының қорына М.А.Шолоховтың "Тихий Дон" және "Все сочинения Н.В.Гоголя" атты бір томдық кітаптарын сыйға тартқаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында, Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы жағдай мен болашақ әрекеттестік, сонымен қатар, осы саладағы бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде сөз қозғалды.