Атырау облысы мәдениет өкілдері Астрахан облысы мәдениет министрінің орынбасарымен кездесті

Атырау облысы мәдениет өкілдері Астрахан облысы мәдениет министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан - Ресей шекара маңы облыстарының мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту аясында Бас консулдықтың бастамасымен Атырау облысы Д. Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің өкілдері Астрахан облысы мәдениет министрінің орынбасары Л.Г. Васильевамен кездесті.
Кездесу барысында Атырау облысы мен Астрахан облысының театр, музыка, би және фольклорлық ұжымдарының алдағы өзара гастрольдіқ сапарлары талқыланды.