Бас консул Астрахан облысының Ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрімен кездесті

Бас консул Астрахан облысының Ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрімен кездесті

Екі елдің шекара маңы ынтымақтастығының алдағы жоспарларын талқылау шеңберінде Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулы Ардақ Мәдиевтің Астрахан облысының Ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрі Руслан Пашаевпен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Атырау және Астрахан облыстары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жоспарды іске асыру мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы саласындағы екі өңірдің ынтымақтастығын көздейтін жоспардың жеке тармақтарына ерекше назар аударылды.