
2023 жылғы 13 сәуірде Астрахан облысының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының (Алтынжар ауылы, Володар ауданы) базасында "Жайлау той" жыл сайынғы 5-ші қазақ мәдени этномерекесі өтті.
Аталған іс-шараның салтанатты ашылуында құрметті қонақтар: ҚР Бас консулы А. Мәдиев, Астрахан облысы Үкіметінің Сыртқы байланыстар министрінің орынбасары И. Торопицын және Астрахан облысы губернаторы әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары А. Сызранов сөз сөйледі.
Мерекеге өңірлерден 5 мыңға жуық адам қатысып, мәдени орталықтың жазғы сахналық алаңында Астрахан облысының жетекші өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнерлерін ортаға салып, театрландырылған қойылымдар қонақтардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық спорттық сайыстар ("ат жарысы", "қазақша күрес", "садақ ату", ) және т.б. ұлттық тағамдық жарыстар өткізілді.
Бас консулдықтың бастамасымен және тікелей жәрдемдесуімен жергілікті тұрғындар арасында қазақ мәдениетін ілгерілету шеңберінде алғаш рет қазақ халқына белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің кеңінен таралған өлеңдеріне арналған ән-конкурсы, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында "Тоғыз құмалақ" қазақ ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Ш. Сариевтің өлеңдеріне арналған әндер байқауы "Kazakh Tourism "Ұлттық компаниясы" АҚ мен "SCAT Airlines" қазақстандық авиакомпаниясының, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің демеушілігімен жүзеге асырылды. Демеушілер тағайындаған бас ретінде - Қазақстан Республикасының киелі жерлеріне туристік жолдамалар тағайындалды. Ш. Сариевтің өлеңіне жазылған "Аққуым" әнін нақыштап орындаған Анеля Амангелдіқызы Мамбетова (28.06.2001 ж.т., Құрманғазы атындағы мәдени орталықтың солисі) және "Сары Арқа" әнімен қонақтарды баураған Амина Викторовна Айдаралиева (23.07.1991 ж.т., Құрманғазы атындағы мәдени орталықтың солисі) ән байқауының жеңімпаздары болып анықталды.
Сонымен қатар, облыстағы аудандық жарыстардың жеңімпаздары арасында "Тоғыз құмалақ" бойынша турнир "Отандастар қоры" КЕАҚ-ның тиісті жәрдем көрсетіп, белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Оған тағайындалған бас жүлде - Бурабайдағы балалар демалыс лагеріне жолдамалар болды ("Отандастар" қорының "Жазғы лагерь"жобасы аясында). Сайысқа қатысқан 13 ойыншының арасында бірінші орынды Н.Сұлтаньяев (29.12.2011 ж.т., 5 сынып оқушысы, Началово ауылы), екінші орынды Р.Идрисов (30.01.2009 ж. т., 8 сынып оқушысы, Калинино ауылы), ал үшінші орынды Э.Шамбилова (12.09.2012 ж. т., оқушы 4 сынып, Алтынжар ауылы) иеленді.
Қосымша: бейне материалға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=BhLPoRhMU_E