
2023 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00-де (Астана) Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу мәселелері бойынша онлайн-форум өтеді.
Іс-шараны Сыртқы істер министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қолдауымен "Заманауи білім беру" республикалық журналының редакциясы ұйымдастырады.
Жыл сайын Қазақстан Үкіметі шетелдік азаматтарды оқыту үшін 500-ден астам грант бөліп келеді. Сонымен қатар, бірқатар елдер үшін үкіметаралық келісімдер шеңберінде қосымша гранттар бөлінеді.
Бас консулдық барлық ниет білдірушілерді бөлінетін гранттарды қалай алуға болатыны, ізденушілер үшін қандай шарттар мен талаптар, сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер бойынша сенімді ақпарат алу үшін аталған онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.
Тіркеуге сілтеме: https://www.obrazovanie.kz/welcome-to-kazakhstan