Бас консул"Наурыз" мерекесіне қатысты

Бас консул"Наурыз" мерекесіне қатысты

2023 жылғы 23 сәуірде Астрахан облысының Қамызяк ауданында "Наурыз"  мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге Бас консул А. Мәдиев, Астрахан облысы Думасының төрағасы Игорь Мартынов және өңірлік Парламент депутаты Андрей Маркин, сондай-ақ облыстың ұлттық-мәдени қоғамдарының, діни конфессиялардың өкілдері және «Жолдастық» қазақ қоғамдық ұйымының өкілдері қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Аудандық мерекелік алаңдарда қазақ, татар, өзбек, қалмақ, түрік, дағыстан, түрікмен ұлттық мәдениеттері, салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдары көпшіліктің назарына ұсынылды.

Қазақ мәдениеті мен әдет-ғұрпын сақтағаны және дамытқаны, ұлтаралық келісімді нығайтқаны үшін «Жолдастық» қазақ қоғамдық ұйымының өкілдері мен аудан тұрғындары Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.