
Үстіміздегі жылғы 1 сәуірде "Каспий-достық теңізі" атты мотошеруі Астрахан қаласынан жолға шықты.
Мотошерудің басты мақсаты - Каспий маңы елдерімен тату көршілік қатынастарды нығайту болып табылады.
2023 жылғы 1-11 сәуір кезеңінде Астрахан облысының губернаторы И.Ю. Бабушкин бастаған мотошерушілер Атырау мен Ақтау (Қазақстан), Түрікменбашы мен Ашхабад (Түрікменстан), Бабольсер мен Решт (Иран), Астара мен Баку (Әзербайжан) бағыттары бойынша ірі қалаларға барады.
Атырау мен Ақтау арасындағы ең ұзын өткел жол 905 км, ал Астрахан мен Атырау арасындағы ең қысқа жол – 360 км құрайды.
Каспий маңы мемлекеттеріне барған ресейлік делегацияның сапары барысында ресми кездесулер мен келіссөздер, сондай-ақ түрлі іс-шаралар жоспарланған.