Мәскеу қаласында А.П. Чехов атындағы XVI Халықаралық театр фестивалі өтеді

Мәскеу қаласында А.П. Чехов атындағы XVI Халықаралық театр фестивалі өтеді

2023 жылғы мамырдан қазан айына дейін Мәскеу қаласында А.П. Чехов атындағы XVI Халықаралық театр фестивалі өтеді. Фестивальдің әлемдік сериясының бағдарламасына дүниежүзінің 13 елінен театр ұжымдары қатысады және биылғы жылы ТМД елдерінің театр өнеріне ерекше көңіл бөлінетін болады.

Атап айтқанда, 2023 жылғы 31 мамыр және 1 маусым күндері Моссовет театрының сахнасында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының "Құлагер" спектаклі көрсетіледі. Режиссер Фархад Молдағалидің қазақ мәдениетінің классигі Ілияс Жансүгіров поэмасы бойынша жасаған музыкалық қойылымында XIX ғасырда өмір сүрген Ақан сері мен сәйгүлігі Құлагер туралы баяндалады.