Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі

Наурыз - көктем мен жаңару мерекесі

Құрметті отандастар!

 

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы баршаңызды ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған көктемнің жарқын мерекесі – Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Тарихи тамырын тереңге бойлаған Әз-Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің, берекесі мен ырысы төгілмеген тірліктің мерекесі. Ұлыстың Ұлы күні – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған Ұлы күн. Наурыз – ақ ниетпен өткенге салауат айтып, болашағымызды бағдарлайтын ерекше кезең.

Ұлыстың Ұлы күні баянды болып, мәртебесі асқақтаған елдерімізге тыныштық пен тұрақтылық, тоқшылық пен пен құт-береке әкелсін. Отбасыларыңызға аманшылық, зор денсаулық, әрбір істеріңізге сәттілік пен толайым табыстар тілейміз!