
Бас консул Ардақ Мәдиев "Жолдастық" қазақ мәдениеті Астрахан облысындағы өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы Равиль Арықбаевпен бірге Нариманов ауданындағы Волжский ауылында болды.
Нариманов муниципалды ауданының басшысы Игорь Редькинмен және Волжский ауылдық кеңесінің басшысы Жаннат Имановамен салтанатты кездесуден кейін қонақтар "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мәңгілік естелік" Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды, сондай-ақ ежелгі ауыл мен бұрынғы "Приволжский" совхозының тарихына арналған мұражай-көрме залының экспозициясын тамашалады.
Содан кейін "Жолдастық" қоғамдық ұйымының Нариманов аудандық филиалының белсенділерімен және жергілікті ақсақалдарымен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударып, Астрахан облысының қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық көпірі болып табылатын атап өтті.