
2023 жылғы 10 наурызда ҚР Астрахандағы Бас консулы А. Мәдиев В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінде болды.
Университет Ресейдің оңтүстігіндегі ең көне және негізгі университеттердің бірі болып табылады және оның құзырында көптеген филиалдар мен институттар және бірқатар заманауи ғылыми-зерттеу зертханалары қамтылған.
АМУ ректоры К. Маркеловпен кездесу барысында қазақстандық дипломат Каспий бассейнінің экологиясы мен биоалуандылығын қорғау саласындағы жаңа перспективалық жобалармен танысты. Бұл ретте, Каспий маңы елдерінің жоғары оқу орындары арасындағы жоғары білім беру, осы өңірдегі түрлі салалар үшін кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастыққа баса көңіл бөлінеді. Бұдан басқа, жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарымен (ҚазҰУ, ЕҰУ) тікелей байланыс орнату және бірлескен ғылыми ізденістер жүргізу перспективалары да талқыланды.
Бас консул университеттің озық құрал-жабдықтармен жабдықталған заманауи зертханалары мен инфрақұрылымымен танысты.
Сонымен қатар, Бас консулдың студенттермен, В.Н. Татищев атындағы АМУ-де оқитын Қазақстан студент жастарымен кездесуі өтті. Әңгіме барысында дипломат студенттерді Қазақстан Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың жүргізіп жатқан саяси реформаларымен таныстырды, сондай-ақ барлық қазақстандық студенттерді алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына белсене қатысуға шақырды. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Кездесу ашық және шынайы жағдайда өтті.