Қостанай мен және Астрахан облыстары сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде

Қостанай мен және Астрахан облыстары сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуде

2023 жылғы 17 ақпанда бейне-конференц-байланыс режимінде Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы мен "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы" Одағы басшылары кездесу өткізді.

Аталған онлайн байланыста Қазақстан тарапынан облыстың Кәсіпкерлер Палатасы директорының міндетін атқарушы Р.Дәулетпаев қатысып, қостанайлық тұтынушылардың Астрахан облысы кәсіпорындарының өнімдеріне, атап айтқанда химия, мұнай өңдеу және балық салаларына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Өз кезегінде қазақстандық бизнес астрахандық серіктестеріне машина жасау кластеріне және азық-түлік өнімдерін беруге дайын екенін жеткізді.

Астрахан Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы С. Синченко өз сөзінде өңірдегі РФ компаниялары қазақстандық нарыққа түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін, өнеркәсіптік және басқа да тауарларды тұрақты жеткізіп тұратынын, бұл ретте Палата қазақстандық компаниялармен ұдайы іскерлік келіссөздер жүргізіп, өнімдерді өткізу рыноктары мен бірлесе жұмыс істейтін серіктестер іздестіру бойынша қызметтер көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ, 2023 жылдың басында Астрахан облысында қазақстандық капиталдың қатысуымен 30-дан астам кәсіпорын тіркелгенін хабарлады.

Жалпы, тараптар екі аймақ арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды, ақпараттық және маркетингтік өзара іс-қимылдарды нығайтуға, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жәрдем көрсетуге уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы мен "Астрахан сауда-өнеркәсіп палатасы"одағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.