Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді

2023 жылғы 19 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстанның Астрахан қаласындағы Бас консулдығының жанында құрылған №291 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесі Астрахан уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Астрахан қ., 1-Аршанская көшесі, 17 үй.
Сайлау учаскесіне келген кезде өзіңізбен бірге қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

СІЗДЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІҢ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНДЕ БОЛУЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕПІЛДІК БЕРЕДІ.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін өздеріне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны) astrakhan@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлауға қатысамын» белгісімен алдын ала жіберу қажет.