
Екі елдің шекара маңы ынтымақтастығының таяудағы жоспарларын талқылау шеңберінде Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Ардақ Мәдиевтің Астрахан облысының Сыртқы байланыстар министрі Владимир Головковпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Астрахан өңірінің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуға маңызды назар аударылды. Атап айтқанда, "Солтүстік-Оңтүстік"дәлізін іске асыру мәселелері талқыланды.
Алдағы жоспарланған іс-шаралар арасында Қазақстанның ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің Астрахандағы мамандандырылған көрме-конференцияға қатысуы, Астрахан облысы делегациясының ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстан Республикасының шекаралас Атырау облысына жоспарланған сапары, сондай-ақ ү.ж. Астрахан қаласында VIII Каспий медиафорумын, "Каспий-2023: орнықты даму жолдары" халықаралық ғылыми форумын, Каспий жастар форумын, "Селиас" білім беру форумы мен т.б. іс-шараларды әзірлеу және өткізу жоспарлары талқыланды.
Қазақстан үшін Ресей Федерациясы стратегиялық серіктес болып табылады. Екіжақты қатынастарда өңірлермен, оның ішінде Астрахан облысымен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады.