Жаңа жылмен құттықтау

Жаңа жылмен құттықтау

Қазақстан Республикасының Астрахандағы Бас консулдығы баршаңызды ең мейірімді және отбасылық мереке – Жаңа 2023 жылмен құттықтайды!

Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарды дамыту және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ең жоғары сенімділік деңгейде және жыл сайын жаңа үдерістер мен нақты істерге толы болуда.

Халықтарымызға денсаулық, бейбітшілік және өркендеу тілейміз!