
Сапар шеңберінде Бас консул А.Е. Мәдиев Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің баспасөз-атташесі
Е. Төлебаевпен бірге Х. Ямашев атындағы кітапхананың конференц-залында "Орынбор қазақтарының қауымдастығы" және Орынбор облысының облыстық ұлттық-мәдени автономиясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Аталған іс-шараға "Қазақ тілі" халықаралық орталығының Ресей Федерациясындағы өкілдігінің басшысы С.Дулати, Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутатының көмекшісі Р. Аббасова, Орынбор облысының экономикалық даму министрлігінің және өңірдің денсаулық сақтау мекемесінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және аймақтағы қоғамдастықтардың жетекшілері қатысты.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы бейбітшілікті, бірлік пен достықты нығайтудың маңыздылығы, сондай-ақ медициналық туризм, білім беру, мәдениетті дамыту мәселелері бойынша пікір алмасылды.