
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы ресейліктерді Халық бірлігі күнімен құттықтайды.
Бұл мереке Ресейдің тұтастығын, елдің өркендеуі жолындағы барлық халықтар мен ұлттардың бірлігін білдіреді.
Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарды дамыту және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыты болып табылады.
Ресей Федерациясының барлық тұрғындарына денсаулық, бақыт, гүлдену және амандық тілейміз.