Қазақстанның Астрахан қаласындағы Бас консулдығында "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстанның Астрахан қаласындағы Бас консулдығында "Жолдастық" қазақ мәдениеті қоғамдық ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Ү.ж. 2 қарашада Бас консул А. Е. Мәдиев "Жолдастық" қазақ мәдениеті Астрахан өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы Р.К. Арықбаев бастаған ұйым басшылығы өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті және Астрахан облысының қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық көпірі болып табылатынын атап өтті.