Үстіміздегі жылғы 13-14 қазанда Астрахан қаласында Ресейдің шетелдік студенттері қауымдастығының Әлем халықтарының фестивалі өтті.

Үстіміздегі жылғы 13-14 қазанда Астрахан қаласында Ресейдің шетелдік студенттері қауымдастығының Әлем халықтарының фестивалі өтті.

В.Н. Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінде өткен фестивальда студенттер бірнеше кезеңдермен, яғни ұлттық аспаздық сайыс, спорттық ойындар, сондай-ақ тұрмыстық заттар көрмесі мен шығармашылық байқаулар бойынша бақ сынасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты бірыңғай этномәдени студенттік кеңістік құру арқылы Астрахан облысында орналасқан білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, толеранттылық мәдениетін дамыту болып табылады.

Аталған фестивальға Қазақстан Республикасының студенттері де белсенді қатысты. Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен қазақстандық студенттер көрме ұйымдастырып, еліміздің тарихын, күнделікті тұрмыстық өмірдің ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптарын, мәдениетін түсіндіріп, халық шығармашылығымен, ұлттық киімдер және музыкалық аспаптармен көпшілікті таныстырды.

Іс-шара соңында әділқазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтады. Фестиваль қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер аспаздық жекпе-жекте
1 орын, ал спорттық сайыста 2 орынды иеленді.