Ресейдегі қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бере алады

Ресейдегі қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс бере алады

2022 жылғы 20 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары 2022 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығындағы №291 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді. Сайлау учаскесінің мекенжайы: Астрахан қаласы, 1-ші Аршанская көшесі, 17 үй,
(Бас консулдық ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

 Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін төмендегі мәліметтерді astrakhan@mfa.kz хабарлауды сұраймыз: (Аты-жөні, тегі, ЖСН, туған жылы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны)

 ҚР Астрахан қаласындағы Бас консулдығынан басқа, Қазақстан Республикасының  Елшілігінде және Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады:

№265 сайлау учаскесі – Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 «А» үй;

№290 сайлау учаскесі – Санкт-Петербург қаласы, Рылеев көшесі, 10-үй;

№301 сайлау учаскесі – Қазан қаласы, Карл Маркс көшесі, 8/13 үй;

№292 сайлау учаскесі – Омбы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 9 үй.