Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түркі академиясы,
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігінің қолдауымен «Көңілдің асыл пернесі ...» / «Сокровенные струны души ...» халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты жас дарынды орындаушылардың шығармашылық қызметін қолдау және белсендіру, қазақ халқының музыкалық әндерін зерделеу мен насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, вокалдық ұжымдық топтар (бір мекемеден екі вокалдық ұжымнан артық емес) қатыса алады.
Байқау жас ерекшеліктері бойынша 2 санатта: 12-ден 14 жасқа дейін, 15-тен 17 жасқа өткізіледі.
Шығарма жанды дауыста орындалады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – негізгі кезеңге байқауға қатысушыларды іріктеу.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Репертуар жобаның тақырыбына сай келуі, орындаушылардың сипаты мен бейнесі міндетті түрде сай келуі (орындау деңгейі, дыбыс сапасы, эстетикалық бейнесі).
Қатысу үшін өтінішті рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Байқаудың бірінші кезеңіне қатысу үшін (сырттай кезең) қатысушылар ән жазбасы бар бейнежазбаны ұсынуы керек. Бейнематериалдың форматы MP 4.
Қатысу үшін сұраныс пен бейнежазбаларды қабылдау уақыты 7.10.2022 жылға дейін.
Бейнематериалсыз жіберілген сұраныстар жарамсыз болып есептеледі. Байқауға қатысушы ұзақтығы 4 минуттан аспайтын бір шығарманы орындайды.
Сұраныс пен бейнематериалды cmp_museum@mail.ru және dvorecutemisova@mail.ru электронды пошталарына жіберу қажет.
Сұраныс білім беру ұйымы басшысының қолы мен мөрі басылған білім беру ұйымынан қабылданады.
Көрсетілген уақыттан кеш түскен сұраныстар Байқауға жіберілмейді.
Екінші кезең (негізгі кезең) – Байқаудың жеңімпаздарын анықтау.
Ұйымдастыру комитеті жобаның ережесіне сай келмейтін бейнежазбаларды (мазмұны, файлды сақтау және жіберу талабы, техникалық сипаттамасы, сонымен қатар кеш жіберілген) қарамауға құқығы бар.
Байқаудың қорытындысы 2022 жылдың 1 желтоқсанына шығарылады.
Конкурс 3 номинация бойынша өткізіледі:
– «Бабамнан калған кең дала»;
– «Қасиетті домбыра»;
– «Әсем әнім сырнайдай ...» (қазақ халқының музыкалық мұрасын қазақ тілінде насихаттау).
Дауыс беру қорытындысы бойынша:
Сонымен қатар байқау жңімпаздарына әр номинация бойынша бағалы сыйлықтар беріледі.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі әншілер, композиторлар және педагогтар кірген.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
Өтініштер мен қосымша құжаттар 2022 жылдың 30 қазанға дейін келесі мекен-жайға жіберілуі керек: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к., 1a. – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» ММ
Конкурс туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың келесі сайттарына орналастырылады: www.presidentlibrary.kz., www.fpprk.kz және www.dvor.kz
Байланыс тел / факс: моб: 8 (7172) 70 05 81;
e-mail: cmp_museum@mail.ru
Үйлестіруші: Жақыпова Саягүл Құрбанқызы
М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы, Ә. Мәмбетов к., 1.
Үйлестіруші: Красноштанова Наталья Викторовна
Байланыс тел / факс: 8 (7172) 32 49 28
e-mail: dvorecskool@mail.ru