Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алу рәсімі өтті

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығының қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

Шараға сондай-ақ қала басшылығының өкілдері, жергілікті «Атамекен» қазақ мәдениеті қоғамының мүшелері, Солтүстік астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.

 

Әлия Молдағұлованың ескерткіші 2019 жылы ашылған және Санкт-Петербургтің Красногвардейский ауданындағы №5 үйдің батысындағы қалалық гүлзарлардың бірінде орналасқан. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырына орнатылды. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранит тұғырға орнатылған.

 

Ескерткіш Санкт-Петербург қаласы Үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облыстары әкімдіктерінің ортақ қолдауларының арқасында қойылды.

 

Шығармашылық жобаның авторы – белгілі қазақ мүсіншісі Едіге Рахмадиев. Оның айтуынша, Әлияның бейнесіне оның өмір бойы сақталған санаулы және ең жақсы фотосуреттерінің бірін алған.