
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі №21 қаулысына сәйкес (сілтемені қараңыз), 2022 жылғы 5 мамырдан бастап Қазақстанға әуе және құрлықтағы бақылау-өткізу пункттері арқылы келетін азаматтар нәтижесі берілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағат өтпеген ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде) ұсыну қажет. Бұрын сертификат материал алынған сәттен бастап 72 сағат бойы жарамды болатын.
Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей), сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген азаматтар "Путешествую без COVID-19" мобильдік қосымшасын пайдалана отырып анықтама ұсынады. Қосымшаның Apple құрылғыларына арналған нұсқасын ОСЫ ЖЕРДЕН, Android құрылғыларына арналған нұсқасын ОСЫ ЖЕРДЕН жүктеп алуға болады.
ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама:
– балаларды алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалардан;
– ҚР шекарасын кесіп өткен кезде, құжаттамалық растау ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе екінші компонентті алған (алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен) азаматтардан;
– Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Бельгия, Боливия, Бразилия, Гонконг (ҚХР), Грузия, Индонезия, Иордания, Иран, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Өзбекстан, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Ұлыбритания, Үндістан, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония елдерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортын/сертификатын/анықтамасын ұсынған азаматтардан;
– Қазақстан Республикасының үкiмет делегацияларының мүшелерi, авиакәсiпорындардың экипаждары, локомотив бригадалары, кемелер және темiр жол, теңiз және өзен көлiгiндегi тасымалдау қызметiмен айналысатын азаматтардан ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.
Дене қызуы көтерілген адамдар анықтамасының болуына қарамастан, инфекциялық стационарға оқшауланады.