
Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтайды!
Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі.
Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілігін әкелсін!
Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым жылуын ұялатсын! Ораза айт қабыл болсын!