
Қазақстан Республикасы Бас консулдығының қатысуымен 21.04.2022 ж. Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ғимаратында «Жаһандық әлемнің болашағы: әртүрлілік арқылы бірлікке» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік пікірталас форумы өтті.
Аталған форумға Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Неваленный А.Н., Қазақстан Республикасының Бас консулы Үмбетбаев Т.Б., Астрахан облысының мәдениет және туризм министрі Прокофьева О.Н., Астрахан облысының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Торопицин И.В., Қазақстан Республикасының К.И. Сатпаев атындағы зерттеу техникалық университетінің проректоры Жаутиков Б.А., АМТУ университетіндегі Экономика институтының директоры Арықбаев Р.К. және басқа да Қазақстан мен Ресей университеттерінің кафедра доценттері, ғалымдары мен мұғалімдері, барлығы 50-ге жуық қатысушылар болды.
Университет ректоры А.Н. Неваленный, Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының бүгінгі жүргізіп отырған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарымен таныстырып, форумды ашып берді.
ҚР Бас консулы Т. Үмбетбаев ҚР мен РФ арасындағы екіжақты келісімдер мен екі ел арасындағы әртараптағы қарым-қатынастарға шолу жасап, дипломатиялық қызметтің мемлекеттер арасындағы маңызды бағыттары туралы баяндама жасап берді.
Сонымен қатар, форумға қатысушылар әлеуметтік-мәдени әртүрлілік тұрғысынан жаһандық жүйені конструктивті құрудың ең тиімді жолдарын анықтау жолындағы пікірталастармен алмасты.