
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің 1.22-тармағына сәйкес (сілтеме), шетелдік азаматтар (оның ішінде Ресей азаматтары) Қазақстанға қосымша негіздерсіз оның Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен мемлекеттік шекарасының құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кіре ала.
Қазақстанға келетіндер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасын ұсынуы керек. Анықтама Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде 72 сағаттан аспағанда ғана жарамды.
ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама:
– балаларды алып жүретін адамдарда анықтама болған жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалардан;
– ҚР шекарасын кесіп өткен кезде, құжаттамалық растау ұсынған жағдайда, Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе екінші компонентті алған (алғаннан кейін алты айдан аспайтын уақыт өткен) азаматтардан;
– Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылған Аргентина, Армения, Беларусь, Белиз, Боливия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Үндістан, Индонезия, Иран, Иордания, Канада, Қырғызстан, Мальдив аралдары, Моңғолия, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Таиланд, Тунис, Түркия, Филиппин, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Эквадор, Эстония, Жапония елдерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы паспортын/сертификатын/анықтамасын ұсынған адамдардан ТАЛАП ЕТІЛМЕЙДІ.