
Құрметті мұсылман бауырлар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы атынан қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай.
Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша мұсылман халқының ынтымақ-бірлігі берік болғай!