Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған құттықтау

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған құттықтау

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

 

Жыл басы Наурыз – күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі.

 

Наурыздың әрбір шаңырақта "қызыр түнін" күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесіне айналғаны қашан.

 

Ежелден осы мерекеде жеті дәмнен наурыз көже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отырған.

 

Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!