Бүгін Зияткерлік күні

Бүгін Зияткерлік күні

Бүгін, 20 наурыз – Зияткерлік күні.  

 

Қазақ ежелден сөз құдіретін бағалаған. Дана билеріміз бір ғана орынды да көлемді сөз тіркесі арқылы рулар арасындағы араздықты тоқтатқан, шиеленіскен дауларды шешкен.

 

Қысқалық, тапқырлық, терең мазмұндылықтың арқасында мақал-мәтелдер халық жадында ұзақ сақталып, бүгінгі күнге дейін жеткен.

 

"Мағынасыз сөз болмайды, мақалсыз ел болмайды" дейді қазақ даналығы. Қазақ ауыз әдебиетінің баға жетпес қазынасына көптеген мақал-мәтелдер кіреді. Олар тарихи оқиғаларды, адамдардың өзіндік сана-сезімінің даму үрдісін, тұрмыс-тіршілігін, ой-өрісін білдіру ерекшеліктерін, этикалық-құқықтық нормаларын, көркемдік талғамын көрсетеді. Ата-бабаларымыз бізге мұра еткен нәрсе, әрине, ерекше назар аударуды және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді.

 

Зияткерлік күні халық ауыз әдебиетімен таныстыру жүргізіліп, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, дастандардан үзінділер оқылады.