Бүгін Шымырлық пен шеберлік күні

Бүгін Шымырлық пен шеберлік күні

Бүгін, 19 наурыз – Шымырлық пен шеберлік күні. 

 

Тәуелсіздік пен қатал көшпелі өмір үшін күрес жағдайында қазақ халқы дене тәрибесінің өзіндік ерекше жүйесін қалыптастырды. Оның негізінде ұлттық спорт түрлері мен ашық ойындар болды. Ол жастардың бойында күш, ептілік пен шыдамдылықты дамытуға, көшпенді-шаруа мен соғыс-сарбаз үшін қажетті батылдық пен басқа да қасиеттерді тәрбиелеуге ықпал етті. Әсіресе, ат спорт ойындары өте танымал болды.

 

Жер-жерлерде, ипподромдарда ересектерге арналған көкпар, бәйге, қыз қуу, жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады. Ал, балалардың асық ату, ләңгі, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тартыс, қап киіп жарысу, жаяу тартыс, садақ ату, күрес, ақсерек пен көксерек т.б. спорттық ойындар ойнауына арнайы орындар жасалады.

 

Бүгінгі таңда қазақтың ұлттық спорт түрлері жаңару үстінде. Ал кейбіреулері (қазақша күрес және тоғызқұмалақ) халықаралық деңгейде өткізіліп жатыр.