
Бүгін, 18 наурыз – Игі істер күні.
Мейірімділік, қуаныш пен жақынға деген жанашырлық – адам бақытының негізі және әрқашан ең жоғары құндылықтар саналған. Жақсы істер жасай отырып, сіз біреуді бақытты ете аласыз, ал өзіңіз моральдық қанағаттану мен толық үйлесімділіктің қуанышты сезімін сезіне аласыз. Жақсы істердің арқасында әлем әдеміленіп, махаббатқа толы болады.
Қазақ халқының генетикалық ерекшеліктері - жанның ашықтығы мен мейірімділігі, қолындағы юарын мұқтаж адамдармен бейімділігі.
ХХ ғасырда біздің республикамыз миллиондаған түрлі ұлт өкілдерінің екінші Отанына айналды. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Әрбір отбасы әруақтар құрметіне садақа беріп, дұға оқып, еске алады. Үйлерінде жеті шелпек пісіріп, таратады. Сонымен қатар, жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар объектілер салуға, жөндеуге атсалысады. Осы күні жергілікті әкімдіктер жылу жинау секілді және басқа да түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.