
Бүгін, 15 наурыз, Жайлау күні. Айнала табиғатпен біте қайнасып өмір сүру көшпелі қазақ дүниетанымының бір бөлігін құраған.
Сондықтан бүгінгі таңда қоршаған ортаның қаншалықты нәзік және осал екенін есте ұстаған жөн.
Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Оған қамқорлық жасау – біздің басты міндетіміз.