
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Министрлер ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстан-Ресей қатынастарының халықаралық шарттар базасын кеңейту жолдарын талқылады.