
1991 жылғы 16 желтоқсан барлық қазақстандықтардың өміріндегі тарихи күн және жаңа бетбұрыс болды.
Өткен жылдар ішінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі табысты өзгерістерімен әлемдік қоғамдастықтың мойындауына ие болып, онда лайықты орын алды. Бүгінгі таңда бізге қол жеткізген жетістіктерді сақтау және көбейту сынды маңызды миссия жүктелген.
30 жыл бойы Ресей Қазақстан үшін жақын дос және стратегиялық серіктес болып келеді. Қазақ мақалында айтылғандай, кез келген алыс туыстан артық жақын көршіміз.
Барша Қазақстан халқына денсаулық, бақыт, бейбітшілік, гүлдену және барлық жақсылықты тілейміз!