ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Қазақстан мен Якутия арасындағы ынтымақтастық талқыланды

ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінде Қазақстан мен Якутия арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту аясында Қазақстан Елшілігі дипломаттарының Ресей өңірлерінің өкілдерімен кездесулері жалғасуда.

 

 

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші-уәкілі Еркін Тұқымов Саха (Якутия) Республикасының Сыртқы байланыстар және халық істері министрі Гаврил Кириллинмен кездесті.

 

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын және бірлескен жобаларды жүзеге асыруды талқылады.