Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы уақытша "онлайнға" көшеді

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы уақытша "онлайнға" көшеді

Құрметті азаматтар!

Ресей Федерациясындағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайының нашарлауына байанысты және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы 1 және 14 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығы онлайн тәртіпте жұмыс жасайтын болады.

 

Көрсетілген кезеңде құжаттар пошта арқылы қабылданады. Сонымен қатар, консулдық мәселелер бойынша жұмыс күндері сағат 09:00 - ден 18:00 - ге дейін (түскі үзіліс 13:00 - ден 14:00 - ге дейін) 8-8512-26-25-21 телефон арқылы, шұғыл мәселелер бойынша - тәулік бойы 8-927-562-22-45 жедел желі телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Сондай-ақ консулдық мәселелер бойынша astrakhan@mfa.kz   поштасына жүгінулеріңізді сұраймыз.

 

2021 жылғы 1 қарашадан бастап 14 қарашаға дейінгі күндерге қабылдануға жазылған азаматтар пандемиялық жағдай жақсарса ү.ж. 14 қарашасынан кейән кезек бойынша қабылданатын болады.

 

Азаматтарды қабылдауды қайта бастау күні туралы Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының интернет ресурстары арқылы қосымша хабарланатын болады.