Ресей Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтуде

Ресей Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтуде

Ресей аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша, 2021 жылғы 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға авиарейстер санын ұлғайту туралы шешім қабылданды. Атап айтар болсақ:

 

– Мәскеу – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша аптасына 3-тен 7 рейске дейін және Мәскеу – Алматы бағыттары бойынша аптасына 2-ден 7 рейске дейін;

 

– Мәскеу – Қарағанды, Мәскеу – Шымкент, Мәскеу – Ақтау, Мәскеу-Қостанай, Санкт – Петербург – Нұр-Cұлтан, Махачкала – Ақтау, Грозный – Ақтау, Калининград – Алматы, Калининград – Нұр-Сұлтан, Новосибирск – Нұр-Сұлтан, Омбы – Нұр-Сұлтан, Омбы – Павлодар, Омбы - Петропавл бағыттары бойынша аптасына 1 рейс;

 

Ресейге кіру тәртібі мен ережелері туралы толық ақпаратты мына сілтемеден қараңыз.