
Астрахань облысына жұмыс сапары кезінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев VI Каспий медиа форумының пленарлық отырысына қатысты.
Өз сөзінде Елші Каспий өңіріндегі тату көршілік, сенім және өзара түсіністік ахуалын нығайту ісінде маңызды құрамдас бөліктердің бірі ақпараттық кеңістіктегі диалог екенін еске салып, бұқаралық ақпарат құралдарында оң күн тәртібін барынша арттыруға шақырды. Ағымдағы форумның басты тақырыптарының бірі туризмге тоқталған Ермек Көшербаев пандемиядан туындаған саладағы дағдарыс қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Атап айтқанда, қазіргі жағдайда адамдардың вирусофобиясы экологиялық туризмнің танымалдылығының өсуіне алғышарттар жасайды, ал бай тарихы, этникалық әртүрлілігі және керемет табиғи жағдайлары бар Астрахан облысы осы бағытты дамытуға өте қолайлы болып табылады.
Форум аясында "Каспий без границ" үздік журналистік шығарма байқауының қорытындысы шығарылды. Биыл Қазақстанның келесі БАҚ өкілдері лауреат атанды:
Асылбек Ситалиев, "Казахстанская правда" газеті (Бас жүлде);
Ресейдегі "Қазақстан" телеарнасының меншікті тілшісі Индира Асанова "Свежий взгляд" номинациясы бойынша екінші орын;
"Caspian News" телеарнасының тілшісі Аружан Ақшабаева "Человек и море" номинациясы бойынша екінші орын;
"Caspian News" телеарнасының тілшісі Мейрлан Марданов "Каспий – территория здоровья " номинациясы бойынша үшінші орын;
"Былина" газетінің журналисі Надежда Тулина "Открывая страны Каспия" номинациясында үшінші орын алды.
Каспий медиа форумы Астраханьда алтыншы рет өтуде. Оның идеясы 2014 жылы Каспий теңізі елдерінің (Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан) "бестік" Саммитінде дүниеге келген. Алғашқы Каспий медиафорумы 2015 жылы өтті. Астрахан облысында оны өткізу кезінде Каспий басылымы, Каспий сарапшылар клубы құрылды, сонымен қатар үнемі ақпарат алмасу жүргізіліп тұрады. Іс-шараны ұйымдастырушылар Ресейдің цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Астрахан облысының Үкіметі.