Қазақстандық дипломаттар Ленинград қоршауының құрбандарын еске алды

Қазақстандық дипломаттар Ленинград қоршауының құрбандарын еске алды

Қазақстан Республикасының Бас консулдығының дипломаттары 8 қыркүйекте Пискаревское мемориалдық зиратында Ленинград қоршауында қаза тапқандарды еске алу салтанаттына қатысып, гүл шоқтарын  қойды.

 

Осыдан тура 80 жыл бұрын, 1941 жылдың 8 қыркүйегінде, Ұлы Отан соғысы тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі Ленинградты қоршау басталды. Ұлы қаланы қорғап қалу үшін әр ұлт өкілдері иық тіресті. Қазақстандағы соғыстың алғашқы айларында құрылған дивизиялардың ішінен 310-шы және 314-ші атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқасқа тікелей (біріншісі Волховта, екіншісі 1941 жылдың қыркүйегінде Лодейное алаңында) қатысты.

 

Бір күні таңертең, ерекше бір қорқынышты түннен кейін, ленинградтықтар үйлердің қабырғаларына қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңі жазылған плакаттарды көрді: 

 

"Ленинградтық өренім!

 

Мақтанышым сен едің!

 

Нева өзенін сүйкімді!

 

Бұлағымдай көремін.

 

Көпіріне қарасам,

 

Көмкерген су көлемін,

 

Өркеш-өркеш жарасқан

 

Шоқылардай дер едім.

 

Сапырылған көк теңіз

 

Шомылдырып кемерін!

 

Шамы күндей жайнаған,

 

Аспанға үйлер бойлаған..."