
Құрметті азаматтар!
Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) Қазақстан Республикасының Мәскеудегі Елшілігінде сейсенбі күні сағат 14.00-ден 16.00-ға дейін рәсімдей аласыз.
Ол үшін:
– ҚР Ұлттық куәландыру орталығының сайтына кіру http://www.pki.gov.kz;
-ЭЦҚ алуға өтінішті толтыру;
-Өтінішті басып шығару, оған қол қою;
-Мәскеудегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің Консулдық бөліміне жеке басын куәландыратын құжатпен және өтінішімен келу қажет.