
Қазанда Татарстан мұнай-газ-химия форумы жұмысын бастады.
Форумның салтанатты ашылу рәсіміне Татарстан Президенті Рустам Минниханов, Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов қатысты.
Нұрлан Ноғаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар өсімінің оң қарқынын атап өтті, бұған жалпы құны 12 млрд. АҚШ долларын құрайтын мұнай-газ химиясы саласындағы жобалардың іске асырылуы дәлел бола алады. "ҚазМұнайГаз" АҚ мен "Татнефть" ЖАҚ арасында бутадиен мен оның туынды өнімдерін шығару бойынша өзара іс-қимылдың базалық шарттары туралы келісімге қол қойылып, осы жоба бойынша инвестициялар көлемі шамамен 820 млн. АҚШ долл. құрайды, аяқталу мерзімі – 2026 жыл.
Өз кезегінде Рустам Минниханов форум алаңына әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ден астам компанияның өкілдері қатысып, жаңа әлемдік сын-қатерлер жағдайында мұнай-химия саласын дамыту перспективаларын талқылайтынын хабарлады.
Жұмыс аясында "Еуропалық Одақтың декарбонизация туралы шешімі және Ресейдің отын-энергетикалық кешенін дамытудың жаңа парадигмасы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, "Құрылыс саласында республикалық өндірістің мұнай-химия өнімдерін пайдалануды кеңейту" және "Жол құрылысында мұнай-химия өнімдерін пайдалануды кеңейту" тақырыптарында дөңгелек үстелдер өтті.
Сонымен қатар, форум аясында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен, Татарстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Василий Шайхразиевпен және т. б. екіжақты кездесулер өткізілді.
Татарстан мұнай-газ химиясы форумы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановтың қолдауымен өткізілетін Ресейдің мұнай-газ саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі. Бұл идеялармен алмасу, саланың ресейлік және шетелдік мамандары мен мұнай-газ индустриясының ғылыми қоғамдастығының негізгі мәселелерін талқылау, жаңа әзірлемелер мен технологияларды көрсету, өнеркәсіптік және бизнес қоғамдастықтың кездесу орны үшін тиімді алаң.
Форумның ұйымдастырушылары – Татарстан Республикасының Үкіметі, Татарстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі. Форум жұмысына 8000-нан астам қатысушы қатысты.