Орынборда «2020 жылдың үздік экспортаушысы» өлкелік сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Орынборда «2020 жылдың үздік экспортаушысы» өлкелік сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының онлайн режимінде қатысуымен ү.ж. 27 сәуірінде  Орынбор облысының әкімшілігі жергілікті шағын тауар шығару мен ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерін және т.б. тауар өндіруші өлкелік бизнес ортасын қолдау мақсатында үздік экспортаушыларды салтанатты түрде марапаттау іс-шараларын өткізді. 

ҚР Бас консулы Тауболды Үмбетбаев, қазіргі Covid-19 пандемиясының өршіп тұрған шағында, екі ел арасындағы импорт пен экспорт дамуын ілгерілетудің бір жолы сауда жәрмеңкелері мен көрмелерді тікелей сатушы мен сатып алушы арасында виртуалдық режимде жүргізуге икемдену, әрбір мекеменің электрондық өнім каталогтарын жүргізе білуі қазіргі заман талабы екенін айтып, жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтады.

Орынбор облысында жалпы өндірілетін өнімдер негізінен Қазақстанға, одан әрі Қырғызстан, Өзбекстан және т.б. ТМД елдеріне экспортталады.