Мектеп тек білім, хат тану мен тәрбиені ғана емес, бүкіл өмірімізбен бірге алып өтетін, махаббатқа да, адалдыққа да үйретуі қажет! "Г. Қалиев"

Мектеп тек білім, хат тану мен тәрбиені ғана емес, бүкіл өмірімізбен бірге алып өтетін, махаббатқа да, адалдыққа да үйретуі қажет! "Г. Қалиев"

Көрнекті жазушы, ардақты ұстаз Г. Қалиев ағамыздың ү.ж. 28 сәуір күні «Уақыт пен тағдырлар/Времена и судьбы» атты бесінші тарихи-педагогикалық шығармашылығы жарық көрді.

Геннадий Губайдуллаұлы Қалиев, 1943 жылы Астрахан облысы, Володар ауданының Калинино ауылында дүниеге келіп, жастайынан өнер мен білім саласында еңбектенген. Туған өлкеде ұстаздық беделділігімен ғана емес, музыкалық аспаптарда жеңіл ойнап, ән айтатын қазақтың сері жігіті ретінде танымал. Тұла бойындағы жақсылықтары мен өмірлік тәжірибелерін жастарға сіңіруге арнап, өзінің бүкіл өмірін ұстаздық пен ағартушылыққа арнаған жайдарлы жан.

Өзінің 40 жылдық педагогикалық белсенділігінде «Халықтың үздік ағартушысы» құрметіне ие болды, жанарынан айырылған соңғы 20 жылдан бері халықтар арасындағы тарихтар мен өзінің туылған жері, мұғалімдік кәсібі туралы кітаптар жазып келеді.

Жарқын да асыл Геннадий аға, әрқашан ден-саулығыңыз мықты, көңіліңіздің көтеріңкі болуына тілектеспіз!