ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орынборға саяхат

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орынборға саяхат

Ү.ж. 15-20 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ҚР Президенті Телерадиокешенінің түсірілім тобының Орынбор қаласына іс-сапары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқан Алаш арыстарының асыл мұрасы туралы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялылары мен интеллигенция өкілдерінің Орынбор қаласындағы қызметтері жайында зерттеулер жүргізу болды.

Түсірілім белсенділерімен Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазАКСР) Халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсынұлы тұрған Чичерин көшесіндегі №75, тұңғыш Қазақ съезі өткен Пушкин көшесіндегі № 39 және т.б. тарихи ғимараттарды бейнетаспаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, олар Орынбор мемлекеттік – саяси тарихи мұрағаты мен тарихи мұражайында сол кезеңдегі сәттер мен қазақ оқымыстыларының нақты еңбектеріне қатысты көне материалдарымен танысты.

ҚР Президенті Телерадиокешені өкілдерінің ақпараттарына сәйкес екі елдің тарихи-мәдени және рухани байланысының белгілі бір кезеңін сипаттайтын бұл іс-шаралардың қорытындысы ү.ж. мамыр айының аяғында Қазақстанның жетекші республикалық телеарналары арқылы көрсетіліп, әлеуметтік желілерде орналастырылуы жоспарлануда.