
Ү.ж. 16 сәуір күні Ресей Федерациясының Оңтүстік кеме жасау және кеме жөндеу орталығының маркетинг жөніндегі директоры Наталья Ошикер мен Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Тауболды Үмбетбаев және Астрахан облысының Халықаралық байланыстар агенттігінің Төрағасы Владимир Викторович Головков арасында екі елдің кеме жасау саласындағы ынтымақтастықтың болашағының мүмкіндігі талқыланды.
Кездесуде Агенттік басшысы Владимир Головков, бұл саладағы жобаларды жүзеге асыру - Қазақстандағы серіктестермен ынтымақтастықтың перспективті және маңызды бағыттарының бірі болуына тілектестігін айтты.
Наталья Ошикер «Біріккен кеме жасау корпорациясының құрамына кіретін аймақтағы кеме жасау кәсіпорындары кез-келген сыныптағы және мақсаттағы кемелерді, теңізде жүзетін және стационарлық платформалар мен теңізде мұнай-газ операцияларын жүргізуге арналған басқа да техникалық құралдарды жасауға және жөндеуге қабілетті» екендігін атап өтіп, Астрахан верфтерінің мүмкіншіліктері мен жүзеге асырылған жобаларды таныстырды.
Сонымен қатар, тараптар Астрахандық кеме жасау кәсіпорындарының қазақстандық серіктестерімен өзара ынтымақтастық нысандарының бірі ретінде кеме құрылысының негізгі кезеңі Астрахань верфтерінде, ал оның аяқталу және іске қосу кезеңдері Қазақстанда жүзеге асырылуы мүмкіндігін қарастыруды пысықтады.
Кездесу соңында бүгінгі кездесу негізінде жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттілігі аталып ҚР мен РФ тарапынан келіссөздерді жүргізу мақсатында кеме жасау кәсіпорындарының нақты ұсыныстары туралы өзара ақпараттармен алмасу келісілді.