Астрахан қаласында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты халықаралық жастар шығармашылығы сайысының жинағының презентациясы өтті

Астрахан қаласында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты халықаралық жастар шығармашылығы сайысының жинағының презентациясы өтті

Ү.ж. 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулдығының қатысуымен жергілікті Жауынгерлік даңқ мұражайында «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты халықаралық жастар шығармашылығының сайысы жинағының презентациясы өтті.

Халықаралық деңгейде екінші мәрте өткізіліп отырған «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» жастар шығармашылығы сайысына ТМД елдері жастарымен қатар Қазақстан Республикасы оқушылары да өз батыр ата-аналарының тарихын суреттеу шығармашылықтарымен атсалысқан. Барлық жарысқа қатысқандардың арасынан 180 шығармашылық іріктеліп алынып, оның ішінен қызығушылыққа ие болған 28 шығарма қазылар алқасының шешіміне енгізілген.

Қазақстан жастары ішінен Бірінші дәрежелі жүлделі орындардың біріне (барлығы 8 жүлделік орын) Нұр-Сұлтан қаласы, №5 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Тимиров Камиль Эльвирович ие болды. Камиль өз шығармасында атасы Даулеткерейдің майданға аттануы, кенеттен тұтқынға түсіп көрген қорлықтары мен соғыстан қайтып оралған уақыттағы қиындықтарын суреттеген. Қазақстан жасөспірімдерінен Екінші дәрежелі жүлдеге Сулеймен Диас, ал Үшінші дәрежелі жүлдемен Валерия Меренцова марапатталды.

Қазақстан Республикасының Бас консулы Т. Үмбетбаев «Ұлы Отан соғысы менің отбасымның тарихында» атты халықаралық жастар шығармашылығы сайысының жинағы презентациясында сөйлеген сөзінде: Бұл бағдарламаның бүгінгі бақытты да нұрлы күн үшін қан төккен ата-бабаларымыздың тарихын білу келешек ұрпағымыздың парызы екенін түсінулеріне, оларды мәңгі есте сақтауларына өз үлесін қосатынына сенімділік танытты. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан батырлары мен жеңіске жетуде ел ішінде болған ішкі майдан, яғни жауынгерлерімізді керекті киім, азық-түлік, қару-жарақтармен қамтамасыз етудегі Қазақстанның үлесі туралы баяндап берді.

Екінші және үшінші дәреже жеңімпаздарына дипломдар жіберілетін болса, Бірінші дәрежелі жүлде иегерлеріне (COVID-19 індеті аяқталғанда) Астрахан қаласына арнайы саяхат және тиісті санаттағы Диплом берілетін болады.